KZ
29 маусым 2025, 19:15
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.06.2025 09:24 #Корпоративтік уақиғалар

"ForteBank" АҚ "Home Credit Bank" АҚ акцияларының 100 % сатып алу бойынша келісімге келгенін жариялайды

/KASE, 27.06.25/ – "ForteBank" АҚ (KASE тикері – ASBN) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

27 маусым 2025 жыл

"ForteBank" АҚ (Қазақстандағы) "Home Credit Bank" АҚ-тың акционерлерімен (Қазақстандағы) "Home Credit Bank" АҚ-тың 100% акциясын сатып алу туралы түбегейлі келісімге келгенін хабарлайды.

Осы мәміленің аяқталуы- реттеуші органдардың, оның ішінде Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚжДА) және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРжДА) тараптарының рұқсаттарын алғаннан кейін күтілуде.

"ForteBank" АҚ пен "Home Credit Bank" АҚ-тың клиенттеріне бұрынғы талаптарда қызмет көрсетіледі, барлық қолданыстағы шарттар күшінде қалады, ал банктердің міндеттемелері толық көлемде орындалады.

БАҚ үшін байланыс: "ForteBank" АҚ PR-қызметі press@fortebank.com +7 (7172) 599 999

дәйексөздің соңы

Баспасөз мәлімдемесінің қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі толық нұсқасы орналастырылды – толығырақ

[2025-06-27]