Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26 маусымнан бастап "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС KZ2P00013824 (MFUCb8) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады
/KASE, 25.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 26 маусымынан бастап "ЮНИКРЕДО" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00013824 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFUCb8; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 18.06.25 – 18.06.28; тоқсандық купон, жылдық 20,00%; 30/360) облигациялары ""таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
[2025-06-25]