KZ
26 маусым 2025, 10:46
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25.06.2025 12:07 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ "Кеңқияқ-Атырау" мұнай құбырын пайдалануға жаңа үш жылдық келісім-шарт жасасуды мақұлдағанын хабарлады

/KASE, 25.06.25/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

25 июня 2025 года

"СБҚК "МұнайТас" ЖШС Қатысушыларының сырттай кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен 2025–2027 жылдарға арналған "ҚазТрансОйл" АҚ пен "СБҚК "МұнайТас" ЖШС арасында "Кеңқияк-Атырау" магистральдық мұнай құбырын пайдалану бойынша қызмет көрсетуге қатысты жаңа үшжылдық шарт жасасу мақұлданды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық мұнай құбырлары бойынша ұлттық оператор болып табылатын "ҚазТрансОйл" АҚ "Кеңқияқ- Атырау" құбыры іске қосылған сәттен бастап "СБҚК "МұнайТас" ЖШС-ға аталған құбырды пайдалану бойынша қызмет көрсетіп келеді. Жаңа шартқа қол қою тиімді ынтымақтастықты жалғастырып, мұнайды тұрақты тасымалдауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қабылданған шешім Қазақстан Республикасының мұнай құбырлары жүйесінің сенімді жұмыс істеуін жүзеге асыруға ықпал етеді..

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2025-06-25]