Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ жалғыз акционері қоғамның жай және артықшылықты акциялары бойынша 2024 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 25.06.25/ – "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ (KASE тикері – MMGZ) жалғыз акционердің 2025 жылдың 24 маусымындағы шешімдері туралы хабарлады.
Жалғыз акционер, оның ішінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша дивидендтер төлеуге қоғамның 41 944 210 000 теңге мөлшеріндегі бөлінбеген пайдасын бөлу туралы шешім қабылдады:
- бір жай және бір артықшылықты акцияға дивиденд мөлшері – 385 теңге;
- артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер сомасы 419 442 100 теңге 2025 жылдың 25 маусымында төленсін;
- жай акциялар бойынша дивидендтер сомасы 41 524 767 900 теңге 2025 жылдың 26 маусымында төленсін.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2025-06-25]