Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001543 (KGK024_154) және Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001568 (PVK024_156) облигацияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұрады
/KASE, 25.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 25 маусымынан бастап KASE-де келесі облигациялармен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды:
- Қарағанды облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001543 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KGK024_154);
- Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001568 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, PVK024_156).
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің қаржы басқармасының 2025 жылдың 20 маусымындағы және Павлодар облысы әкімдігінің қаржы басқармасының 2025 жылдың 24 маусымындағы көрсетілген облигацияларды толық мерзімінен бұрын өтеу туралы хаттары негізінде тоқтатылды.
[2026-06-25]