20 маусым күні Қазақстан Қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасында МУИКАМ KZKB00000040 (MUX072_0003) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 13,80 %-бен орналастырып, 21,2 млрд теңге тартты
/KASE, 24.06.25/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылдың 20 маусымында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді индекстелген қазынашылық міндеттемелері (МУИКАМ) KZKB00000040 (MUX072_0003) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ мәліметіне сәйкес 2024 жылдың 24 маусымында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 21 162 204 666,7 теңгені құрады.
KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 20 маусым күні Қазақстан қор биржасында 20,5 млн МУИКАМ KZKB00000040 (MUX072_0003) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 13,80 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-06-24]