20 маусым күні Қазақстан Қаржы министрлігі Қазақстан қор биржасында МЕОКАМ KZK200000737 (MOM060_0054) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 16,86 %-бен орналастырып, 54,3 млрд теңге тартты
/KASE, 24.06.25/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылдың 20 маусымында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері (МЕОКАМ) KZK200000737 (MOM060_0054) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ мәліметіне сәйкес 2024 жылдың 24 маусымында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 54 272 935 445,8 теңгені құрады.
KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 20 маусым күні Қазақстан қор биржасында 55,09 млн МЕОКАМ KZK200000737 (MOM060_0054) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 16,86 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-06-24]