24 маусым күні Қазақстан қор биржасында үш облыс әкімдіктері 6,0 млрд теңге тартты
/KASE, 24.06.25/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде жергілікті атқарушы органдар облигацияларының үш шығарылымын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті.
Мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері бойынша келесі облигациялар орналастырылды:
1) Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002129 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, ZKK024_212; 1 000 теңге, 2 900 555 000 теңге; 18.04.25 – 18.04.27; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 1,5 млрд теңгеге;
2) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002111 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_211; 1 000 теңге, 11 335 671 000 теңге; 18.04.25 – 18.04.27; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 2,2 млрд теңгеге;
3) Түркістан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002152 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, TKK024_215; 1 000 теңге, 30 026 120 000 теңге; 14.05.25 – 14.05.27; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360) 2,4 млрд теңгеге.
Аталған облигациялар мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мақсатында шығарылды.
[2025-06-24]