KZ
2 шілде 2025, 11:26
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.06.2025 13:35 #Бағалы қағаздар

"TENIZ CAPITAL INVESTMENT BANKING" АҚ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДОЛЛАРЛЫҚ ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРЫН ОРНАЛАСТЫРУҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМДЕРДІ ҚАБЫЛДАУДЫҢ БАСТАЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

/KASE, 24.06.25/ –"Teniz Capital Investment Banking" АҚ бірлескен букраннер ретінде Қазақстандық қор биржасына (KASE) мынадай мазмұндағы хабарлама берді:

дәйексөздің басы

Осымен "Teniz Capital" АҚ "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелерінен шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес шығарылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (Эмитент) облигацияларын бастапқы орналастыруға қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – еурооблигациялар) қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Инвесторлардан барлық өтінімдер KASE-де ASTS+ сауда-клирингілік жүйесі (қор нарығы) (бұдан әрі – сауда-клирингілік жүйе) арқылы қабылданады.

KASE-де сауда-клирингілік жүйе арқылы әлеуетті инвесторлардан өтінімдерді қабылдау еурооблигацияларды шет мемлекеттің аумағында орналастырудың басталуымен бір мезгілде, еурооблигацияларды орналастырудың сол шарттарында (оларды орналастыру бағасын анықтау шарттарын қоса алғанда) оларды шет мемлекеттің аумағында орналастыру кезіндегідей басталады.

KASE-дегі жергілікті Букраннер: Teniz Capital (код партнера RG_S_)

Бірлескен Букраннерлер: Citi, J.P. Morgan, Societe Generale, Teniz Capital, Halyk Finance

------------------------------------------------------------------------------------------
ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРДЫҢ ПАРАМЕТРЛЕРІ:                                                         
--------------------------------------- --------------------------------------------------
Эмитенттің атауы:                       Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі          
Эмитент рейтингтері:                    Baa1 (тұрақты) / BBB (тұрақты) Moody’s / Fitch    
Еурооблигациялардың қысқаша             Ағылшын құқығына сәйкес шығарылатын және          
сипаттамасы:                            144А Ережесіне ("Rule 144A") және S Ережесіне     
                                        ("Regulation S") сәйкес орналастырылатын аға      
                                        қамтамасыз етілмеген борыштың еурооблигациялары   
Өтінім беру мерзімі:                    7 жыл және 12 жыл                                 
Қамтамасыз ету:                         қатамасыз етілмеген                               
Өтеуге кірістілік өтінімдерді жинау     инвесторлардың өтінімдерін жинау нәтижелері       
нәтижелері бойынша анықталады:          бойынша айқындалады. Еурооблигациялар бойынша     
                                        өтеуге индикативтік кірістілік бағдары – шамамен  
                                        5,25% / 5,625%                                    
Шығарылымның күтілетін                  кем дегенде 500 млн АҚШ доллары                   
номиналды көлемі:                                                                         
Шығару валютасы:                        АҚШ доллары                                       
Есеп айырысу валютасы:                  Еурооблигациялар бойынша барлық есептесулер       
                                        (оның ішінде бастапқы орналастыру, купон және     
                                        негізгі қарызды төлеу кезінде есеп айырысу АҚШ    
                                        долларымен жүзеге асырылады) 200 000 (екі жүз     
                                        мың) АҚШ доллары немесе үлкен                     
Номиналы:                               1000 (бір мың) АҚШ долларына еселенген сомасы     
Қолданылатын құқық:                     Ағылшын құқығы                                    
Листинг:                                "Қазақстан қор биржасы" АҚ, Астана халықаралық    
                                        биржасы, Лондон қор биржасы.                      
Клирингілік есептесулер:                Euroclear                                         
------------------------------------------------------------------------------------------
ЕУРООБЛИГАЦИЯЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАНДА САТЫП АЛУҒА ҰСЫНУ ТӘРТІБІ:                                 
------------------------------------------------------------------------------------------
Өтінімдерді қабылдау күні:              24 маусым 2025 жыл                                
Өтінімдерді қабылдаудың басталу уақыты: 14: 00 Алматы уақыты                              
Өтінімдерді қабылдаудың аяқталу уақыты: 18: 00 Алматы уақыты                              
Күтілетін есеп айырысу күні:            3 шілде 2025 жыл                                  
                                        Алғашқы орналастыру кезінде есеп айырысу          
                                        АҚШ долларымен жүзеге асырылады                   
Өтінім бағасы:                          Жылдық пайызбен көрсетілген өтеуге кірістілік     
                                        көрсетіледі ("сілтеме" жолағында). Баға ретінде   
                                        өтінімде 100 мәні көрсетіледі (тек техникалық     
                                        мақсаттар үшін). Нарықтық өтінімдер берілген      
                                        жағдайда баға ретінде "контрагенттің бағасы       
                                        бойынша" көрсетіледі.                             
Өтінім көлемі:                          Өтінім көлемі АҚШ долларымен көрсетілуі керек.    
                                        Өтінімнің минималды көлемі – 200 000 (екі жүз мың)
                                        АҚШ доллары немесе 1000 (бір мың) АҚШ долларына   
                                        еселенген үлкен сома                              
------------------------------------------------------------------------------------------

Еурооблигациялар бойынша есептесулерді жүргізу шарттары:

Сатып алуға өтінім бере отырып, сауда-саттыққа қатысушы 2025 жылдың 2 шілдесінде сағат 16:00-ден кешіктірмей (T+6) сауда-саттыққа қатысушының ОД-дағы ОК шотына ақшаны одан әрі жеткізумен бірыңғай шектелімді қамтамасыз етудің "KASE Клиринг орталығы" АҚ-мен (бұдан әрі – ОК) бұғаттауына келіседі.

Сатып алуға берілген өтінім қанағаттандырылған жағдайда, сатып алуға өтінім берген сауда-саттыққа қатысушы 2025 жылдың 2 шілдесінде сағат 16:00-ден кешіктірмей (T+6) ОД-дағы ОК шотына ақша аударғаны үшін жауапты болады.

Сатып алушының өтінімінде көрсетілген ақпараттың дұрыстығына сатып алушы жауапты болады.

Барлық мәселелер бойынша, сондай-ақ қосымша ақпарат алу үшін "Teniz Capital Invesment Banking" АҚ өкілдеріне келесі байланыс телефондары арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз:

+7 776 306 7727

+7 775 714 81 65

treasury@tenizcap.kz

ib@tenizcap.kz

дәйексөздің соңы

[2025-06-24]