24 маусым күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 26 маусымда болатын МЕУКАМ KZKD00000758 (MUM156_0005) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 24.06.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2025 жылдың 24 маусымда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (МЕУКАМ) KZKD00000758 (MUM156_0005) мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 52 084 186 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 85,1298 % (кірістілік – жылдық 16,90 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 85,1860 % құрады (кірістілік – жылдық 16,85 %)
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 26 маусымда болатын және өтелгенге дейінгі мерзімі 2 жыл МЕУКАМ KZKD00000758 (MUM156_0005) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-06-24]