Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KASE Директорлар кеңесі Teniz Capital Brokerage Ltd. жеке көмпаниясын "қор" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылдау туралы шешім қабылдады
/KASE, 24.06.25/ –Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2025 жылдың 23 маусымындағы шешімімен Teniz Capital Brokerage Ltd. жеке компаниясы "қор"санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданды.
Осы санат бойынша мүшелік KASE-де айналымға (саудаға) жіберілген бағалы қағаздармен биржалық сауда-саттыққа қатысу құқығын береді.
Директорлар кеңесінің осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
[2025-06-24]