Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
25 маусымнан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00013352 (MFMOb28) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады
/KASE, 24.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 25 маусымынан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00013352 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFMOb28; $100, $5,0 млн; 20.06.25 – 20.06.27; ай сайынғы купон, жылдық 12,00%; 30/360) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – АҚШ доллары.
[2025-06-24]