KZ
26 маусым 2025, 10:05
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
24.06.2025 12:31 #Қаржы құралдары

25 маусымнан Қазақстан қор биржасында Global X Robotics & Artificial Intelligence US37954Y7159 (BOTZ_KZ) ETF бағалы қағаздарының сауда- саттығы тоқтатылады

/KASE, 24.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 25 маусымынан бастап орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемелерінде жүзеге асырылатын олармен жасалған репо операциялары бойынша есеп айырысу күні 2025 жылдың 27 маусымына және одан кейінгі күндерге келетін Global X Robotics & Artificial Intelligence US37954Y7159 ("KASE Global" секторы, BOTZ_KZ) ETF бағалы қағаздарымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 27 маусымында көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылдың 30 маусымнан бастап қайта басталады.

[2025-06-24]