Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
KASE Басқармасы биржалық инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына фьючерстік келісімшарттармен сауда саттықты өткізуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдады
/KASE, 23.06.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы нарықтық сұраныстың болмауына байланысты 2025 жылдың 20 маусымынан бастап KASE биржалық инвестициялық қорларының бағалы қағаздарына фьючерстік келісімшарттармен сауда-саттықты тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
2025 жылдың 20 маусымынан бастап KASE "Биржалық инвестициялық қорлардың бағалы қағаздарына фьючерстік келісімшарттардың маманданымы" атты ішкі құжатының қолданылуы аталған бағалы қағаздармен сауда-саттықты өткізу қайта басталған сәтке дейін тоқтатылды.
[2025-06-23]