KZ
1 шілде 2025, 14:19
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.06.2025 15:41 #Қаржы құралдары

KASE Басқармасы шығаруға жоспарланған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының екі шығарылымын KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізу туралы шешім қабылдады

/KASE, 23.06.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес облигациялық бағдарлама шегінде шығаруға жоспарланған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің халықаралық облигацияларының екі шығарылымын KASE ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізу туралы шешім қабылдады.

Аталған облигацияларға рұқсат берудің бастамашысы "Teniz Capital Investment Banking" АҚ болып табылады.

KASE Басқармасының осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат KASE Басқармасының осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2025-06-23]