KZ
1 шілде 2025, 08:24
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.06.2025 11:50 #Корпоративтік уақиғалар

21 шілдеде "Alatau City Bank"АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлама

/KASE, 23.06.25/ – "Alatau City Bank" АҚ (KASE тикері – TSBN) былай деп хабарлады.

дәйексөздің басы

"Alatau City Bank" АҚ "Alatau City Bank" АҚ акционерлеріне 2025 жылғы "21" шілде, Алматы қаласының уақыты бойынша 11 сағат 00 минутта "Alatau City Bank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының мына мекенжай бойынша өткізілетінін хабарлайды: A26F8T9, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Медеу ауданы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 242-үй, "Балқаш" конференц-залы.

Жоғарыда көрсетілген жиналыс "Alatau City Bank" АҚ Директорлар кеңесінің бастамасы бойынша шақыртылып жатыр және "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабы 2-тармағы 1)- тармақшасына, 3-тармағы 3)- тармақшасына, 43-бабының 1-тармағына және 53-бабы 2-тармағы 2) мен 2-1)- тармақшасына сәйкес өткізіледі.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібін "Alatau City Bank" АҚ Директорлар кеңесімен қалыптастырған және келесі мәселелерді қамтиды:

1. "Alatau City Bank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы.

2. "Alatau City Bank" АҚ-тың 2025, 2026 және 2027 жылдарға жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу бойынша қызметтер көрсететін аудиторлық ұйымды анықтау туралы.

3. "Alatau City Bank" АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережені бекіту және "Jusan Bank" АҚ акционерлерінің Жалпы жиналысымен бекітілген "Jusan Bank" АҚ Директорлар кеңесі туралы Ережені (06.05.2024 жылғы № 06/05/24-01 хаттама) күшін жойған деп тану турал.

4. "Jusan Bank" АҚ акционерлерінің Жалпы жиналысымен бекітілген (02.05.2023 жылғы хаттама) Директорлар кеңесінің мүшелерінің және Директорлар кеңесінің Комитеттерінің қызметімен байланысты Шығыстарды жүзеге асыру қағидаларына № 1 Өзгертулерді бекіту туралы.

5. "Jusan Bank" АҚ акционерлерінің Жалпы жиналысымен бекітілген (06.05.2024 жылғы № 06/05/24-01 хаттама) "First Heartland Jusan Bank" Акционерлік қоғамының Корпоративтік басқару кодексіне № 1 Өзгертулерді бекіту туралы.

дәйексөздің соңы

Жиналысты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізу туралы ақпарат – толығырақ

[2025-06-23]