20 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00011237 (BTRKb13) облигацияларын олардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады
/KASE, 20.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 20 маусымынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын есептеу үшін өкілдік тізімнен (KASE_BM* сериясы) "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00011237 (BTRKb13) облигацияларын олардың айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (20 маусым – өтеу кезінде тіркеу күні).
2025 жылдың 20 маусымынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 67 атаудағы облигациялардан тұратын болады.
KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.
KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағандағы бағалар бойынша есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі ("таза" бағалар бойынша).
Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.
Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-06-20]