KZ
19 маусым 2025, 23:44
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.06.2025 17:09 #Қаржы құралдары

20 маусымнан бастап "Марганец Жайрема" АҚ KZ1C00012020 (MNZH) жай акциялары олардың эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады

/KASE, 19.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2025 жылдың 19 маусымындағы шешімімен "Марганец Жайрема" АҚ (Қарағанды) KZ1C00012020 (KASE баламалы алаңы, "акциялар" секторы, MNZH) жай акциялары KASE ресми тізімінен алынып тасталды.

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 20 маусымынан бастап күшіне енеді.

Бұл шешім "Марганец Жайрема" АҚ-ның KASE ресми тізімінен көрсетілген акцияларды ерікті түрде делистингтеу туралы өтініші негізінде қабылданды.

Аталған акциялар KASE ресми тізімінің баламалы алаңының "акциялар" секторына 2018 жылдың 27 желтоқсанынан бастап енгізілді. Олармен сауда-саттық 2021 жылдың 20 сәуірінен бастап ашылды.

[2025-06-19]