KZ
20 маусым 2025, 03:21
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.06.2025 14:51 #Корпоративтік уақиғалар

"Kaspi Bank" АҚ 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және аудиторлық есебі жарияланды

/KASE, 19.06.25/ – "Kaspi Bank" АҚ (KASE тикері – CSBN) 2024 жылға қаржылық есептілігі және аудиторлық есеп жарияланды.

"Делойт" ЖШС есебіне сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Kaspi Bank" АҚ шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын барлық маңызды аспектілерде қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес (ҚЕХС) сенімді түрде көрсетеді.

2024 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, млн теңгемен):

--------------------------------------------------------
                                      31.12.24 31.12.23 
Көрсеткіш                                 ж.б.      ж.б.
------------------------------------ --------- ---------
Жарғылық капитал                         8 099     8 099
Меншікті капитал (капитал тапшылығы) 1 024 458   750 496
Жиынтық активтер                     8 122 413 6 657 727
Жиынтық міндеттемелер                7 097 955 5 907 231
Таза пайда (таза шығын)                530 793   475 884
Жай акцияның баланстық құны, теңге      55,228    40,334
ROA, %                                    6,53      7,15
ROE, %                                   51,81     63,41
--------------------------------------------------------

Қаржылық есептілік және есеп жарияланды – толығырақ

[2025-06-19]