KZ
21 маусым 2025, 15:47
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
17.06.2025 17:00 #Сауда-саттық ақпараты

"Birinshi Lombard" ЖШС KZ2P00013139 (MFBLb5) облигацияларына жазылым жүзеге аспады деп жарияланды

/KASE, 17.06.25/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Birinshi Lombard" ЖШС (Алматы) KZ2P00013139 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFBLb5; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге, 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларын оларға жазылым жүргізу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді.

Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Банк ЦентрКредит" еншілес ұйымы – "BCC Invest" АҚ (Алматы) болды.

Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2025 жылдың 17 маусымында Астана қаласы уақытымен сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жүргізілді.

Орналастыруға номиналды көлемі 300,0 млн теңге болатын облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды.

KASE бірде-бір шектелімді қарсылама өтінім қабылдамағаны себебінен жазылым жүзеге аспады деп танылды және жарияланды.

[2025-06-17]