KZ
1 шілде 2025, 14:52
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
13.06.2025 12:05 #Корпоративтік уақиғалар

"Шұбаркөл Премиум" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 28 шілдеде өткізу туралы хабарлама

/KASE, 13.06.25/ – "Шұбаркөл Премиум" АҚ (KASE тикері – SHUP) 2025 жылдың 28 шілдесінде сырттай дауыс беру арқылы акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.

Жиналыстың күн тәртібі:

1) акционерлердің жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту туралы;

2) 2024 жылға шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы;

3) 2024 жылға арналған жекелеген жылдық қаржылық есептілікті бекіту туралы;

4) қоғамның 2024 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін және қоғамның бір акциясына есептегенде 2024 жылғы дивиденд мөлшерін анықтау туралы;

5) қоғам акционерлерінің қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарау;

6) қоғамның Директорлар кеңесінің 2024 жылға өз қызметі туралы есебін қарау;

7) қоғамның Директорлар кеңесі мен атқарушы органы мүшелерінің 2024 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы қоғамның акционерлерін хабардар ету.

Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ

[2025-06-13]