2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында KASE-де шетел валютасымен жасалған сауда-саттық көлемі 17,1 трлн теңгені құрады
/KASE, 13.06.25/ – 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстан қор биржасының (KASE) шетел валюталарының спот-нарығындағы сауда- саттық көлемі 17 145,4 млрд теңгені құрады және 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 29,5 %-ға өсті.
2024 жылдың бес айлық (тамыз-желтоқсан) кезеңімен салыстырғанда сауда-саттық көлемі 12,3 %-ға төмендеді.
Төменде 2025 жылғы KASE шетел валюталарының спот-нарығы көрсеткіштерінің кестесі валюта жұптары бойынша бөлінген (валюта жұптарында көрсетілген біріншісінің млн бірлігіне), сондай-ақ 2024 жылғы салыстырмалы деректер келтірілген.
------------------------------------------------------------------------------- Сауда-саттық көлемі Жыл, -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- Барлығы, ай USD/KZT EUR/KZT RUB/KZT EUR/USD CNY/KZT USD/CNY EUR/CNY млрд KZT --------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- - -------- 2025, I 4 751,5 93,7 119 147,0 85,0 711,5 162,9 0,0 3 345,0 --------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- - -------- 2025, II 5 058,4 166,4 123 582,0 83,3 715,2 202,4 0,0 3 513,2 --------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- - -------- 2025, III 4 343,1 65,4 99 199,3 107,3 723,8 159,4 0,0 2 965,9 --------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- - -------- 2025, IV 5 765,0 152,0 96 537,8 120,0 753,3 51,6 0,0 3 802,7 --------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- - -------- 2025, V 4 992,1 98,1 113 801,1 81,8 761,1 156,2 0,0 3 518,6 --------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- - -------- Барлығы 24 910,2 575,6 552 267,3 477,4 3 665,0 732,5 0,0 17 145,4 --------- -------- ------- --------- ------- ------- ------- ------- - -------- 2024, I-V 22 793,0 236,0 161 835,9 574,4 1 570,3 3 533,0 0,0 13 239,3 тренд, % +9,3 +143,9 +241,3 -16,9 +133,4 -79,3 х +29,5 -------------------------------------------------------------------------------
03.01.2025 және 10.05.2025 аралығындағы кезеңде барлық биржалық мәміле бойынша есептелген теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа сараланған бағамы бір АҚШ доллары үшін 510,92 теңгені құрады.
[2025-06-13]