KZ
5 шілде 2025, 10:04
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.06.2025 16:36 #Қаржы құралдары

13 маусымнан бастап Еуразиялық даму банкінің KZX000004270 (EABRe7) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілетін болады

/KASE, 12.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2025 жылдың 13 маусымынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZX000004270 халықаралық облигациялары (EABRe7; БАӘ 700,0 млн дирхамы; 25.04.25 – 25.04.28; тоқсандық купон, жылдық 6,50 %; 30/360) KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізіледі.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-06-12]