KZ
14 маусым 2025, 08:55
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
12.06.2025 11:22 #Корпоративтік уақиғалар

"Фридом Банк Қазақстан" АҚ 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және аудиторлық есебі жарияланды

/KASE, 12.06.25/ – "Фридом Банк Қазақстан" АҚ 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі (KASE тикері – FFBN) және аудиторлық есеп жарияланды.

"Делойт" ЖШС есебіне сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Фридом Банк Қазақстан" АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарының шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын барлық маңызды қатынастарда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес анық көрсетеді.

2024 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):

----------------------------------------------------------------
                                          31.12.24     31.12.23 
Көрсеткіш                                     ж.б.          ж.б.
------------------------------------ ------------- -------------
Жарғылық капитал                        87 356 148    62 356 145
Меншікті капитал (капитал тапшылығы)   208 333 448   130 814 132
Жиынтық активтер                     2 542 487 584 2 196 199 748
Жиынтық міндеттемелер                2 334 154 136 2 065 385 616
Таза пайда (таза шығын)                 52 231 285    32 286 094
Жай акцияның баланстық құны, теңге        6 245,29      4 566,98
ROA, %                                        2,05          1,47
ROE, %                                       25,07         24,68
----------------------------------------------------------------

Қаржылық есептілік және есеп жарияланды толығырақ

[2025-06-12]