12 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында бес атаудағы ETF сауда-саттығы тоқтатыла тұрады
/KASE, 12.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 12 маусымынан бастап есеп айырысу күні 2025 жылдың 01 шілсінеге және одан кейінгі күндерге келетін орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық режимдерінде репо операциялары бойынша келесі ETF-тердің KASE-де сауда-саттықтары тоқтатылғанын хабарлайды:
1) US4642872422 ("KASE Global" секторы, LQD_KZ) iShares iBoxx $ Investment Grade Corporate Bond ETF;
2) US4642885135 ("KASE Global" секторы, HYG_KZ) iShares iBoxx $ High Yield Corporate Bond ETF;
3) US4642895118 ("KASE Global" секторы, IGLB_KZ) iShares 10+ Year Investment Grade Corporate Bond ETF;
4) US78468R6633 ("KASE Global" секторы, BIL_KZ) SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF;
5) US74347G4405 ("KASE Global" секторы, BITO_KZ) ProShares Bitcoin Strategy ETF.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес KASE-де 2025 жылдың 01 шілдесінде көрсетілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген бағалы қағаздармен сауда-саттық 2025 жылдың 03 шілдесінен бастап қайта басталады.
[2025-06-12]