2025 жылдың мамыр айындағы KASE акциялар нарығына шолу
/KASE, 11.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша акциялар нарығына қысқаша шолу ұсынады.
2025 жылдың мамыр айының соңында KASE сауда-саттық тізімінде 81 эмитенттің 96 атаудағы акциялар болды, оның ішінде екі эмитенттің екі атаудағы акциялар "Листингілік емес бағалы қағаздар" секторында айналысқа жіберілді.
2025 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 31,0 трлн теңгені (60,9 млрд USD) құрады, бұл өткен айдың көрсеткішінен 77,6 млрд теңгеге немесе 0,2 %-ға төмен.
------------------------------------------------------- 30 мая 30 апреля Δ Δ, % ----------------------- --------- --------- ------ ---- Капитализация, млрд KZT 31 027,57 31 105,20 -77,6 -0,2 Капитализация, млн USD 60 926,79 60 714,39 +212,4 +0,3 -------------------------------------------------------
Мамыр айында акциялармен сауда-саттық көлемі 23,9 млрд теңгені құрап, сәуір айына қатысты 50,5 %-ға немесе 24,3 млрд теңгеге төмендеді. Сауда-саттықтың орташа тәуліктік көлемі 1,3 млрд теңгені, мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 9 249, бір мәміленің орташа көлемі – 135,7 мың теңгені құрады.
Бастапқы нарық көлемі 49,3 млн теңгеге бағаланады. 2025 жылдың мамыр айында "Teniz Capital Investment Banking" АҚ 49,3 млн теңге сомасына бір акция үшін 8 500,00 теңге бағамен 5 800 жай акция орналастырды. Барлық көлемді жеке тұлғалар сатып алды.
Мамыр айында қайталама нарықта сауда-саттық көлемі 23,8 млрд теңгені құрады, бұл сәуір айындағы мәндерден 50,6 %-ға немесе 24,4 млрд теңгеге төмен.
Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде үлесіне акциялармен сауда-саттықтың жалпы айналымының 68,1 %, банктердің үлесіне – 1,5 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 10,2 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 2,4 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 17,7 % тиесілі жеке тұлғалар неғұрлым белсенді болып табылады. Бейрезиденттердің үлесі 7,5 % құрады.
KASE Индексінің мәні мамыр айында 1,1 % - ға төмендеп, айдың соңына қарай 5 561,46 тармақты құрады.
Индекстік акциялармен мәмілелер көлемі 2025 жылдың мамырында 18,4 млрд теңгені құрады, бұл 2025 жылғы сәуірдегі көрсеткіштен 0,9 млрд теңгеге төмен. Сауда-саттықтың ең үлкен көлемі "Қазақтелеком" АҚ жай акцияларына – 6,3 млрд теңгеге (индекстік акциялармен сауда-саттықтың жалпы көлемінің 34,1 %) * тиесілі болды.
---------------------------------------------------------------------------------------------------- Соңғы мәміленің бағасы, Сауда-саттық көлемі*, Капитализация, акция үшін теңге млн теңге млрд теңге Free Идекстегі ------------------------------------ ------------------------ -------------- float, үлесі, с 01.01.25 % %* 30 мамыр 30 сәуір Δ, % Δ, % мамыр сәуір Δ, % 30.05.25 ж.б. ------ ------ --------- --------- --------- ----- ---------- -------- -------- ------ -------------- KZAP 25,0 16,3 19 138,00 17 682,72 +8,2 -5,2 1 226,5 1 637,1 -25,1 4 985,8 CCBN 37,0 11,6 3 072,30 2 900,00 +5,9 +40,5 1 151,5 1 472,8 -21,8 544,2 AIRA 42,0 6,5 751,95 715,05 +5,2 -8,3 819,6 447,0 +83,4 266,6 HSBK 30,2 15,4 295,87 288,94 +2,4 +15,4 3 666,7 4 677,5 -21,6 3 212,5 KCEL 34,1 13,1 3 313,98 3 332,00 -0,5 -3,4 1 133,6 4 034,9 -71,9 663,9 KMGZ 2,6 13,7 14 850,00 14 970,00 -0,8 +1,6 756,9 2 240,3 -66,2 8 849,6 KEGC 14,5 3,3 1 435,60 1 481,00 -3,1 -6,0 1 175,7 660,0 +78,1 395,0 KZTO 10,0 1,8 799,99 828,99 -3,5 -2,4 1 130,1 808,9 +39,7 307,7 KSPI 31,7 14,3 44 150,00 46 300,00 -4,6 -19,1 1 033,6 808,0 +27,9 8 401,2 KZTK 19,2 4,1 34 900,00 50 585,89 -31,0 -20,3 6 256,5 2 478,5 +152,4 372,9 Индекс – – 5 561,46 5 622,10 -1,1 -0,3 18 350,8 19 264,9 -4,7 KASE ---------------------------------------------------------------------------------------------------- * ірі мәмілелер мен тұрақты емес сипаттағы мәмілелерді есепке алмағанда.
[2025-06-11]