KZ
25 маусым 2025, 04:22
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
11.06.2025 09:14 #Қаржы құралдары

11 маусымнан бастап "R-Finance "микроқаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00013998 (MFRFb18) және KZ2P00014004 (MFRFb19) облигациялары баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді

/KASE, 11.06.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 09 маусымында "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС (Астана) келесі облигацияларының баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады:

  • KZ2P00013998 (MFRFb18; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 2 жыл; ай сайынғы купон облигацияларды орналастыру бойынша бірінші сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталады;30/360);
  • KZ2P00014004 (MFRFb19; 1 000 теңге, 4,0 млрд теңге; 3 жыл; ай сайынғы купон облигацияларды орналастыру бойынша бірінші сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша анықталады; 30/360).

Листингілік комиссияның бұл шешімі 2025 жылдың 11 маусымынан бастап күшіне енеді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

"R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС қаржылық кеңесшісі "First Heartland Jusan Invest" АҚ (Алматы) болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары 2024 жылдың 15 наурызда 30,0 млрд теңге сомасына тіркелген "R-Finance" микроқаржы ұйымы" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы шегінде алтыншы және жетінші болып табылады.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-06-11]