KZ
18 маусым 2025, 20:42
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.06.2025 12:09 #Сауда-саттық ақпараты

2025 жылдың мамыр айына KASE МБҚ нарығына шолу

/KASE, 10.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына (МБҚ) қысқаша шолу ұсынады.

2025 жылдың мамыр айының соңында KASE "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 111 облигация шығарылымы, оның ішінде 99 МЕКАМ шығарылымы және 12 еурооблигация шығарылымы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бір нотасының шығарылымы, жергілікті атқарушы органдардың 190 облигация шығарылымы және шет мемлекеттердің 66 облигация шығарылымы болды.

Мамыр айының қорытындысы бойынша KASE-дегі МБҚ сауда-саттығының жиынтық көлемі 779,3 млрд теңгені ($1,5 млрд) құрады және сәуірмен салыстырғанда 1,5 %-ға немесе 11,9 млрд теңгеге төмендеді. Сауда- саттықтың орташа тәуліктік көлемі 41,0 млрд теңгені (қайталама нарықта – 4,8 млрд теңге), мәмілелердің орташа тәуліктік саны – 14 (қайталама нарықта – 9), бір мәміленің орташа көлемі – 2,9 млрд теңгені (қайталама нарықта – 0,5 млрд теңге) құрады.

Бастапқы нарықта мамыр айында жалпы сомасы 688,1 млрд теңгеге ($ 1,3 млрд) 90 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 14,8 %-ға немесе 88,7 млрд теңгеге жоғары:

------------------------------------------------------------------------------------
                                       Сауда-  Сауда- Ұсыным-        Орташа   Өтеуге
Орналас-                               саттық  саттық      ға    сараланған    дейін
тыру күні  Сауда-саттық     ISIN      көлемі, көлемі, сұраным кірістілік, % мерзімі,
           коды                      млрд KZT млн USD                            жыл
---------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
06.05.2025  MUM072_0014 KZKD00001210     32,0    61,7  107,6%         15,51      3,8
            MUM084_0020 KZKD00001285     61,5   118,6  100,0%         14,60      6,8
            MUM108_0015 KZKD00001277     51,7    99,8  156,0%         14,30      8,8
            MUM192_0002 KZKD00000543     53,3   102,7  132,4%         15,65      3,0
            MUM216_0002 KZKD00001079     57,5   111,0  155,0%         14,10     11,8
---------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
13.05.2025  MKM012_0161 KZK100000423      1,9     3,8   84,6%         15,57      0,9
            MUM096_0013 KZKD00001202     31,4    61,1  164,1%         15,40      4,7
            MUM120_0020 KZKD00001269     92,3   179,7    х2,3         14,16      9,8
            MUM180_0013 KZKD00000931     41,1    80,0  190,0%         14,45      7,9
---------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
14.05.2025   KOK024_216 KZMJ00002160      5,3    10,3  100,0%          0,35      2,0
             TKK024_215 KZMJ00002152      9,6    18,8  100,0%          0,35      2,0
---------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
20.05.2025  MUM120_0020 KZKD00001269     25,0    48,9   58,6%         14,16      9,7
            MUM156_0006 KZKD00000964     29,8    58,3   67,3%         15,58      6,0
            MUM156_0008 KZKD00001293     29,9    58,6   83,1%         14,10     13,0
            MUM180_0005 KZKD00000493      3,9     7,7   19,8%         15,82      1,5
            MUM180_0009 KZKD00000717     31,9    62,5  109,7%         15,72      3,6
---------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
26.05.2025  MUM156_0008 KZKD00001293     30,1    58,9  100,0%         14,10     13,0
---------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
27.05.2025   AIK024_214 KZMJ00002145      2,9     5,7  100,0%          0,35      2,0
            MKM012_0161 KZK100000423     34,0    66,6   83,0%         16,00      0,9
            MUM108_0015 KZKD00001277     20,8    40,8   62,5%         14,30      8,8
            MUM180_0009 KZKD00000717     18,7    36,6   64,3%         16,33      3,5
            MUM180_0016 KZKD00001194     17,3    33,9   50,0%         14,10     11,7
             PVK024_217 KZMJ00002178      1,6     3,1  100,0%          0,35      2,0
             VKK024_218 KZMJ00002186      4,4     8,7  100,0%          0,35      2,0
---------- ------------ ------------ -------- ------- ------- ------------- --------
БАРЛЫҒЫ                                 688,1 1 337,6                               
------------------------------------------------------------------------------------

Бастапқы нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне 7,2 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 87,3 %, басқа заңды тұлғалардың үлесіне – 5,3 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 0,2 % тиесілі болды. Бейрезиденттер мамыр айында МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттыққа қатысқан жоқ.

Қайталама нарықта мамыр айында жалпы сомасы 91,2 млрд теңгеге ($ 178,1 млн) 178 мәміле жасалды, бұл өткен аймен салыстырғанда 52,5 %-ға немесе 100,6 млрд теңгеге төмен.

Қайталама нарықтағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлінісінде банктердің үлесіне – 32,8 %, брокерлік-дилерлік ұйымдардың үлесіне – 1,4 %, басқа институционалдық инвесторлардың үлесіне – 0,1 %-дан кем, өзге заңды тұлғалардың үлесіне – 65,0 %, жеке тұлғалардың үлесіне – 0,8 % тиесілі болды. Бейрезиденттердің қатысуы 17,4 %-ға бағаланады.

Мамыр айының қорытындысы бойынша МБҚ индексі келесі өзгерістерді көрсетті:

-------------------------------------------------------------------------------
                                                                     Бір айдағы
                                                30.05.25 ж-ға мәні     өзгеріс,
                                                                   теңге / б.т.
----------------------------------------------- ------------------ ------------
                       "Таза" бағалар индекстері, теңге                        
-------------------------------------------------------------------------------
KZGB_CPs 1 жылға дейінгі мерзіммен                        1 159,91        +3,27
KZGB_CPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен                 925,52       -19,30
KZGB_CPl мерзімі 5 жылдан астам                             833,72        +2,21
KZGB_CPm1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп             912,33        -8,23
KZGB_CP без сегменттеу мерзімі                              942,39        -8,58
-------------------------------------------------------------------------------
                   "Таза емес" бағалардың индекстері, теңге                    
-------------------------------------------------------------------------------
KZGB_DPs 1 жылға дейінгі мерзіммен                        1 345,38       +13,54
KZGB_DPm 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен               1 176,48       -20,97
KZGB_DPl мерзімі 5 жылдан астам                           1 068,66        +1,13
KZGB_DPm1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп           1 080,74        +0,81
KZGB_DP без сегменттеу мерзімі                            1 087,49        -8,60
----------------------------------------------- ------------------             
                           Кірістілік индекстері, %                            
-------------------------------------------------------------------------------
KZGB_Ys 1 жылға дейінгі мерзіммен                            16,18       +36,00
KZGB_Ym 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзіммен                   16,23      +129,00
KZGB_Yl мерзімі 5 жылдан астам                               14,38        -3,00
KZGB_Ym1m өтеу мерзімі 31 күннен және одан көп               15,38       +63,00
KZGB_Y без сегменттеу мерзімі                                15,35       +60,00
-------------------------------------------------------------------------------

[2025-06-10]