KZ
1 шілде 2025, 11:13
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
10.06.2025 11:05 #Корпоративтік уақиғалар

"Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және аудиторлық есебі жарияланды

/KASE, 10.06.25/ – "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (KASE тикері – UTMK) 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және аудиторлық есеп жарияланды.

"BDO Qazaqstan" ЖШС есебіне сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарының қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін және көрсетілген күнге аяқталған жылдағы ақша қаражатының қозғалысын барлық маңызды аспектілерде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес нақты көрсетеді.

2024 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):

------------------------------------------------------------
                                        31.12.24   31.12.23 
Көрсеткіш                                   ж.б.        ж.б.
------------------------------------ ----------- -----------
Жарғылық капитал                         159 988     159 988
Меншікті капитал (капитал тапшылығы)  58 103 105  50 112 857
Жиынтық активтер                     253 135 349 198 656 827
Жиынтық міндеттемелер                195 032 244 148 543 970
Кіріс                                 94 314 098  81 790 472
Жалпы пайда (жалпы шығын)             20 000 477  22 044 683
Таза пайда (таза шығын)                1 345 309   4 070 867
Жай акцияның баланстық құны, теңге        28 076      24 378
ROA, %                                      0,53        2,05
ROE, %                                      2,32        8,12
ROS %                                       1,43        4,98
------------------------------------------------------------

Қаржылық есептілік және есеп жарияланды – толығырақ

[2025-06-10]