"Алматы Телекоммуникейшнс Қазақстан" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 03 шілдеде өткізу туралы хабарлама
/KASE, 09.06.25/ – "Алма Телекоммуникейшнс Казахстан" АҚ (KASE тикері – ALTV) 2025 жылдың 03 шілдесінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысының өткізілетіні туралы хабарлайды.
Жиналыстың күн тәртібі:
1) 2024 жылдың қорытындысы бойынша қоғамның жылдық қаржылық есептілігін бекіту туралы;
2) 2024 қаржы жылының қорытындылары бойынша қоғамның таза табысын бөлу тәртібін анықтау туралы, қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін анықтау туралы;
3) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды адамдарының әрекеттеріне шағымдары және оларды қарау қорытындылары туралы;
4) қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің және атқарушы органының 2024 жылға сыйақысының мөлшері мен құрамы туралы;
5) қоғамның Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістер туралы.
Жиналысты өткізу туралы ақпарат – толығырақ
[2025-06-09]