KZ
7 маусым 2025, 23:22
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.06.2025 16:32 #Қаржы құралдары

05 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00004083 (CCBNb29) облигацияларымен сауда-саттық қайта басталды

/KASE, 05.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 05 маусымынан бастап "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ2C00004083 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, CCBNb29) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы қайта басталғаны туралы хабарлайды.

Аталған облигациялардың сауда-саттығы KASE Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылдың 03 маусымында тіркеген өзгерістермен облигациялардың шығарылым аңдатпасын алуына байланысты жаңартылды, оған сәйкес аталған облигацияларды мерзімінен бұрын сатып алу және айырбастау шарттары өзгертілді.

Аталған облигациялармен сауда-саттық KASE-де 2025 жылдың 19 мамырынан бастап тоқтатылды.

[2025-06-05]