KZ
7 маусым 2025, 23:17
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
05.06.2025 14:36 #Қаржы құралдары

05 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында "RG Brands Kazakhstan" ЖШС KZ2P00007727 (RGBKb1) және KZ2P00009970 (RGBKb2) облигацияларының сауда-саттығы қайта басталды

/KASE, 05.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 05 маусымынан бастап "RG Brands Kazakhstan" ЖШС келесі облигацияларымен KASE-де сауда-саттық қайта басталғаны туралы хабарлайды:

  • KZ2P00007727 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, RGBKb1);
  • KZ2P00009970 (KASE негізгі алаңы,"облигациялар" санаты, RGBKb2).

Аталған облигациялармен сауда-саттық KASE Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2025 жылдың 29 мамырында өзгерістермен тіркеген облигациялардың шығарылым аңдатпасын алуына байланысты қайта басталды, оған сәйкес көрсетілген облигациялар бойынша кіріс алу және облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты туралы мәліметтер өзгерді.

Аталған облигациялармен сауда-саттық KASE-де 2025 жылдың 13 мамырынан бастап тоқтатылды.

Аталған облигациялардың шығарылым аңдатпалары өзгертулерімен жарияланды – толығырақ

[2025-06-05]