Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"KMF (ҚМФ)" Микроқаржы ұйымы" АҚ акционерлері жай акциялар бойынша 2024 жылға дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 04.06.25/ – "KMF (ҚМФ)" Микроқаржы ұйымы" АҚ (KASE тикері – MFKM) 2025 жылдың 28 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады.
Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:
- қоғамның 2024 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
- дивидендтер төленбейді, 2024 жылдағы таза кіріс бөлінбеген таза пайда шотында қалады.
Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі тоғыз мәселе бойынша шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ
[2025-06-04]