KZ
29 маусым 2025, 18:06
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
03.06.2025 10:55 #Корпоративтік уақиғалар

"Нұрбанк" АҚ 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және аудиторлық есебі жарияланды

/KASE, 03.06.25/ – "Нұрбанк" АҚ (KASE тикері – NRBN) 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және аудиторлық есеп жарияланды.

"Grant Thornton" ЖШС есебіне сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Нұрбанк" АҚ мен оның еншілес кәсіпорындарының қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының шоғырландырылған қозғалысын барлық маңызды қатынастарда қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (ҚЕХС) сәйкес сенімді көрсетеді.

2024 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):

------------------------------------------------------------
                                        31.12.24   31.12.23 
Көрсеткіш                                   ж.б.        ж.б.
------------------------------------ ----------- -----------
Жарғылық капитал                     147 649 693 147 649 693
Меншікті капитал (капитал тапшылығы)  70 747 814  56 315 785
Жиынтық активтер                     531 804 393 461 397 075
Жиынтық міндеттемелер                461 056 579 405 081 290
Таза пайда (таза шығын)               13 878 379   7 742 385
ROA, %                                      2,61        1,68
ROE, %                                     19,62       13,75
------------------------------------------------------------

Қаржылық есептілік және есеп жарияланды – толығырақ

[2025-06-03]