KASE өзінің интернет-ресурсында Freedom Holding Corp. компаниясының Қазақстанның өңдеуші салаларының мамыр айына PMI шолуын жариялады
/KASE, 02.06.25/ – Freedom Holding Corp. Қазақстан қор биржасына (KASE) 2025 жылдың мамырында Қазақстанның өңдеуші салаларының іскерлік белсенділік индексіне (PMI) шолу ұсынды.
Төменде қаржылық Freedom Finance Global PLC (Freedom Holding Corp. 100 % еншілес компаниясы) Талдау департаментінің директоры Ерлан Әбдікәрімовтың пікірі келтірілген.
"Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібі тұрақты, алайда осал өсім кезеңінде екенін байқаймыз. Жаңа тапсырыстар өскенімен, сұраныс пен өндірістік мүмкіндіктер арасындағы теңсіздік күшейіп келеді, оған инфляция қысымының артуы, жеткізу тізбегіндегі тұрақсыздық пен валюта бағамының құбылуы да қосылды. Нарықтағы бұл ауыртпалықты кедергі ғана емес өсу жолындағы мүмкіндік ретінде де қарастыруға болады. Операциялық тиімділік пен жеткізу тізбегін оңтайландыруға салынатын стратегиялық инвестициялар таяу арада өңдеу өнеркәсібінің дамуына тың серпін бере алады деп сенеміз".
Қазақ тіліндегі шолу – толығырақ
Орыс тіліндегі шолу – толығырақ
Ағылшын тіліндегі шолу – толығырақ
[2025-06-02]