KZ
20 маусым 2025, 04:09
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02.06.2025 12:47 #Қаржы құралдары

03 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында US67066G1040 (NVDA_KZ) NVIDIA Corp. жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

/KASE, 02.06.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 03 маусымынан бастап есеп айырысу күні 2025 жылдың 11 маусымына және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін, орталық контрагенттің қатысуымен сауда-саттық тәртіптемесінде жүзеге асырылатын, репо операциялары бойынша NVIDIA Corp. (АҚШ) US67066G1040 ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ) жай акцияларымен KASE сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE-тің "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 13 бабы 1 тармағының 12) тармақшасына сәйкес, KASE-де 2025 жылдың 11 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілім бекітілетіні туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

Аталған акциялармен KASE сауда-саттығы 2025 жылдың 13 маусымынан бастап қайта басталады.

[2025-06-02]