KZ
29 маусым 2025, 17:47
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.05.2025 18:30 #Корпоративтік уақиғалар

"Bank RBK" Банкі" АҚ акционерлері жай акциялар бойынша 2024 жылға дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдады

/KASE, 30.05.25/ – "Bank RBK" Банкі" АҚ (KASE тикері – INBN) 2025 жылдың 30 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады.

Акционерлер келесі шешімдерді қабылдады:

  • банктің 2024 жылға аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • 27 655 147 800 теңге мөлшеріндегі таза табыстың бір бөлігі банктің жай акциялары бойынша 2024 жылға дивидендтер төлеуге бағытталсын;
  • жай акциялар бойынша дивидендтер төленгеннен кейін қалған банктің 2024 жылдағы таза табысының бір бөлігі банктің бөлінбеген пайдасының құрамында қалдырылсын.

Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі жеті мәселе бойынша шешімдер қабылданды.

Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2025-05-30]