Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
02 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында BI Development Ltd. жеке компаниясының KZ2D00012861 (BIGDb5) облигацияларымен сауда-саттық ашылады
/KASE, 30.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 02 маусымынан бастап BI Development Ltd жеке компаниясының (Астана) KZ2D00012861 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, BIGDb5; 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 29.05.25-29.05.27; жартыжылдық купон, жылдық 19,50%; 30/360) облигацияларының KASE-де сауда-саттығы ашылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдың пайызымен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ
[2025-05-30]