KZ
1 маусым 2025, 03:20
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
30.05.2025 10:27 #Индекстер мен индикаторлар

02 МАУСЫМНАН БАСТАП KASE АКЦИЯЛАРДЫҢ ЖАҢА ИНДЕКСІН –ТОЛЫҚ КІРІСТІЛІКТІҢ KASE ИНДЕКСІН ЖАРИЯЛАЙ БАСТАЙДЫ

/KASE, 30.05.25/ – 2025 жылдың 02 маусымынан бастап Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 01 қаңтарына белгіленген есеп айырысудың басталу күнімен акциялардың жаңа индексін – толық кірістіліктің KASE индексін (KASE_TR индексі) жариялауды бастайды.

KASE_TR индексі KASE Индексі тізіміндегі акциялар бағасының өзгеруін және KASE Индексі тізіміне кіретін акциялардың жиынтық дивидендтік табысын көрсетеді. Бұл ретте, KASE_TR индексін есептеу кезінде дивидендтер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дивидендтер алуға құқығы бар адамдар анықталатын күнге ескеріледі.

KASE_TR индексінің бастапқы мәні 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы Алматы қаласы уақытымен сағат 18:00-дегі жағдай бойынша 5 636,66 тармақ мөлшерінде тіркелген және Индекстер мен индикаторлар жөніндегі комитеттің 2025 жылдың 15 сәуіріндегі шешімімен анықталған. Бастапқы құн ретінде 2024 жылғы төртінші тоқсандағы дивидендтік кірісті ескере отырып, 2024 жылғы 31 желтоқсандағы KASE Индексінің мәні пайдаланылды, бұл есептеудің өзектілігі мен дұрыстығын қамтамасыз етеді.

KASE_TR индексін есептеу жұмыс күндері бойынша күніне бір рет жүзеге асырылады және мына сілтеме бойынша "Индекстер" бөлімінде (Қор нарығы – Акциялар) KASE интернет – ресурсында толығырақ немесе жеке жаңалықтар түрінде жарияланады.

KASE_TR индексі 2025 жылдың 01 қаңтарындан бастап есепті жылдың басынан бастап көрсетілген сілтеме бойынша қолжетімді болатын тарихи деректерді қалыптастыру мақсатында есептелген.

Бұрын хабарланғандай, "Қор нарығының индекстері мен индикаторларын есептеу әдістемесі" KASE ішкі құжатына 2025 жылдың 02 маусымынан бастап қолданысқа енгізілетін тиісті түзетулер енгізілген.

[2025-05-30]