KZ
1 шілде 2025, 11:43
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
29.05.2025 15:22 #Корпоративтік уақиғалар

"Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ жалғыз акционері қоғамның 2024 жылдағы таза табысын бөлу тәртібін бекітті

/KASE, 29.05.25/ – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (KASE тикері – FRMP) қоғамның жалғыз акционерінің 2025 жылдың 21 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады.

Акционер, оның ішінде келесі шешімдерді қабылдады:

  • қоғамның 2024 жылға аудиттелген жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • қоғамның 2024 жылдағы 26 914 300 887 теңге мөлшеріндегі таза табысын бөлудің мынадай тәртібі бекітілсін:
  • 18 840 014 023,28 теңге қоғамның жалғыз акционеріне дивидендтер төлеуге жіберілсін;
  • 8 074 286 863,72 теңге қоғамның иелігінде қалдырылсын.

Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2025-05-29]