KZ
26 шілде 2025, 21:24
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.05.2025 14:56 #Қаржы құралдары

28 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында "Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп" ЖШС KZ2P00013881 (SWPSb1) облигацияларымен сауда-саттық ашылады

/KASE, 27.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 28 мамырынан бастап "Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп" ЖШС (Алматы) KZ2P00013881 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, SWPSb1; 1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларымен KASE-де сауда-саттық ашылатынын хабарлайды.

KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі баға белгілеу валютасында көрсетілген облигацияның "таза емес" бағасының екінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-05-27]