KZ
20 маусым 2025, 04:53
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
27.05.2025 12:33 #Корпоративтік уақиғалар

"ҚазТрансОйл" АҚ "Кеңқияқ – Атырау" бағыты бойынша мұнайды ішкі нарыққа тасымалдауға жаңа тарифтің бекітілгені туралы хабарлайды

/KASE, 27.05.25/ – "ҚазТрансОйл" АҚ (KASE тикері – KZTO) былай деп хабарлады:

дәйексөздің басы

27 мамыр 2025 жыл

Қазақстан Республикасы магистральдық мұнай құбырының ұлттық операторы "ҚазТрансОйл" АҚ және "ҚазТрансОйл" АҚ (51%) және CNPC Exploration and Development Company Ltd (49%) бірлескен кәсіпорны "МұнайТас" СБҚК» ЖШС Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнайды "Кеңқияқ-Атырау" магистральдық құбыры арқылы тасымалдаудың реттеліп көрсетілетін қызметіне жаңа тарифтің бекітілгені туралы хабарлайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің 2025 жылғы 23 мамырдағы № 40-НҚ бұйрығына сәйкес тариф:

  • 01.07.2025 жылдан 30.06.2026 жылға дейін — 1000 км-ге 1 тонна үшін 11 193 теңге (ҚҚС-сыз);
  • 01.07.2026 жылдан бастап 30.06.2027 жылға дейін — 1000 км-ге 1 тонна үшін 11 233 теңге (ҚҚС-сыз);
  • 01.07.2027 жылдан 30.06.2028 жылға дейін — 1000 км-ге 1 тонна үшін 11 259 теңге (ҚҚС-сыз);
  • 01.07.2028 жылдан 30.06.2029 жылға дейін — 1000 км-ге 1 тонна үшін 11 286 теңге (ҚҚС-сыз);
  • 01.07.2029 жылдан 30.06.2030 жылға дейін — 1000 км-ге 1 тонна үшін 11 293 теңге (ҚҚС-сыз).

Тариф 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап бес жыл мерзімге күшіне енеді

дәйексөздің соңы

Қазақ тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Орыс тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

Ағылшын тіліндегі баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы – толығырақ

[2025-05-27]