KZ
30 мамыр 2025, 06:49
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
26.05.2025 12:42 #Қаржы құралдары

26 мамырда Қазақстан қор биржасында "Қазақтелеком" АҚ-ның KZ0009094645 (KZTKр) артықшылықты акцияларының бағасының 52,71 %-ға төмендеуіне байланысты сауда-саттығын тоқтатты

/KASE, 26.05.25/ – Бүгін Астана қ. уақытымен сағат 11:30-да Қазақстан қор биржасы (KASE) "Қазақтелеком" АҚ-ның артықшылықты KZ0009094645 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) акциялары бойынша сауда- саттықты олардың бағасының 52,71 % - ға төмендеуіне байланысты тоқтатты.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" (Ережелер) атты ішкі құжатының 25 бабы 2 тармағының 1) тармақшасына (қағидаларына) сәйкес тоқтатылды, оған сәйкес KASE "Премиум" санатындағы KASE ресми тізіміндегі акциялардың мұндай құлдыраудың алдындағы сауда-саттық күні бағасы жабылу сәтінде қалыптасқан бағаға қатысты 30 және одан да көп пайызға төмендеген кезде сауда-саттықты тоқтата тұрады. Бұл ретте, сауда-саттықты тоқтата тұру KASE сауда-саттық жүйесінде сауда-саттықтың негізгі тәртіптемелерінде автоматты түрде жүзеге асырылады.

Аталған акциялармен сауда-саттықты қайта бастау туралы шешім Ережелердің 25 бабы 7 тармағының негізінде қабылданатын болады.

2025 жылдың 23 мамырында жасалған KZTKp-мен жасалған соңғы орындалған мәміленің бағасы бір акция үшін 50 330,00 теңгені құрады. 2025 жылдың 26 мамырында KZTKp бір акциясы үшін 23 800,00 теңге бағамен мәміле жасалғаннан кейін олармен сауда-саттық тоқтатылды.

[2025-05-26]