KZ
1 шілде 2025, 08:52
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.05.2025 18:12 #Қаржы құралдары

23 мамырдан бастап жергілікті атқарушы органдар облигацияларының үш шығарылымы KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына енгізілді

/KASE, 23.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2025 жылдың 23 мамырынан бастап KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына жергілікті атқарушы органдардың мынадай облигациялары енгізілді:

1) Абай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002145 (1 000 теңге, 5 790 410 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360), сауда-саттық коды – AIK024_214;

2) Павлодар облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002178 (1 000 теңге, 1 589 546 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360), сауда-саттық коды – PVK024_217;

3) Шығыс-Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00002186 (1 000 теңге, 6 861 546 000 теңге; 2 жыл; жарты жылдық купон, жылдық 0,35 %; 30/360), сауда-саттық коды – VKK024_218.

Аталған облигациялар мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыру мақсатында шығарылды.

Аталған облигациялардың шығарылымдары туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-05-23]