"Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС-ның KZ2P00014152 (CLSGb6) облигациялары KASE-де балама алаңның “коммерциялық облигациялар” санаты бойынша листинг рәсімінен өтті.
/KASE, 26.05.25/ – 2025 жылғы 23 мамырда Қазақстан қор биржасының (KASE) басқармасы "Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС-ның (Алматы қ.) KZ2P00014152 (1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 120 күн; купон айналыс мерзімінің соңында бір рет төленеді, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларын балама алаңның «коммерциялық облигациялар» санаты бойынша KASE ресми тізіміне қосу туралы шешім қабылдады.
Басқармасының осы шешімі күшіне енетін күн туралы қосымша хабарланады.
Бұл облигациялармен KASE-де сауда-саттық жасаудың ашылғаны туралы да қосымша хабарланады.
Көрсетілген облигацияларға берілген қысқаша белгі (сауда коды) – CLSGb6.
Басқарманың шешімі күшіне енгеннен кейін, осы облигациялар шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE-нің интернет-ресурсында жарияланады.
[2025-05-26]