KZ
24 мамыр 2025, 15:14
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
23.05.2025 17:36 #Корпоративтік уақиғалар

"Жалтырбұлақ" АҚ 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі және аудиторлық есебі жарияланды

/KASE, 22.05.25/ – "Жалтырбұлақ" АҚ 2024 жылға шоғырландырылған қаржылық есептілігі (KASE тикері – ZHLT) және аудиторлық есеп жарияланды.

"Baker Tilly Qazaqstan Audit" ЖШС есебіне сәйкес шоғырландырылған қаржылық есептілік 2024 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша "Жалтырбұлақ" АҚ мен оның еншілес ұйымдарының қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың қаржылық нәтижелері мен көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақшалай қаражаттың қозғалысын барлық маңызды аспектілерде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес (ҚЕХС) анық көрсетеді.

2024 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес (егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):

----------------------------------------------------------
                                       31.12.24  31.12.23 
Көрсеткіш                                  ж.б.       ж.б.
------------------------------------ ---------- ----------
Жарғылық капитал                        186 981    186 981
Меншікті капитал (капитал тапшылығы) -1 693 699 -3 156 673
Жиынтық активтер                      7 144 636  7 628 524
Жиынтық міндеттемелер                 8 838 335 10 785 197
Кіріс                                 9 314 035  6 170 447
Жалпы пайда (жалпы шығын)             1 908 166   -265 230
Таза пайда (таза шығын)               1 462 974 -1 187 970
Жай акцияның баланстық құны, теңге       -9 058    -16 882
ROA, %                                    20,48     -15,57
ROE, %                                   -86,38      37,63
ROS %                                     15,71     -19,25
----------------------------------------------------------

Қаржылық есептілік және есеп жарияланды – толығырақ

[2025-05-23]