KZ
26 шілде 2025, 21:27
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.05.2025 17:40 #Қаржы құралдары

"Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп" ЖШС KZ2P00013881 (SWPSb1) облигациялары балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті

/KASE, 22.05.25/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы 2025 жылдың 22 мамырында "Шоқан Уәлиханов атындағы Жекеменшік мектеп" ЖШС (Алматы) KZ2P00013881 (1 000 теңге, 1,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 21,00%; 30/360) облигацияларын баламалы алаңын "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

"Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі "Teniz Capital Investment Banking" АҚ (Алматы) болып табылады.

Аталған облигацияларға SWPSb1 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілген.

"Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектеп" ЖШС қызметінің негізгі түрі – негізгі және жалпы орта білім беру.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.

[2025-05-22]