KZ
6 маусым 2025, 14:51
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.05.2025 14:10 #Қаржы құралдары

22 мамырда KASE "Қазақтелеком" АҚ KZ0009093241 (KZTK) жай акцияларының бағасының 31,51 % төмендеуіне байланысты сауда-саттығын тоқтатты

/KASE, 22.05.25/ – Бүгін Астана қ.сағат 12:08-де Қазақстан қор биржасы (KASE) "Қазақтелеком" АҚ-ның жай акциялары KZ0009093241 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTK) бойынша олардың бағасының 31,51 %-ға төмендеуіне байланысты сауда-саттықты тоқтатты.

Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" (Ережелер) атты ішкі құжатының 25 бабы 2 тармағының 1) тармақшасына сәйкес тоқтатылды, оған сәйкес KASE "Премиум" санатындағы KASE ресми тізіміндегі акциялардың бағасы мұндай құлдыраудың алдындағы сауда-саттық күніндегі жабылу сәтінде қалыптасқан бағаға қатысты 30 және одан да көп пайызға төмендеген кезде сауда-саттықты тоқтата тұрады. Бұл ретте, сауда-саттықты тоқтата тұру KASE сауда-саттық жүйесінде сауда-саттықтың негізгі тәртіптемелерінде автоматты түрде жүзеге асырылады.

Аталған акциялармен сауда-саттықты қайта бастау туралы шешім Ережелердің 25 бабы 7 тармағының негізінде қабылданатын болады.

2025 жылдың 21 мамырында жасалған KZTK-мен жасалған соңғы орындалған мәміленің бағасы бір акция үшін 58 400,00 теңгені құрады. KZTK сауда-саттығы 2025 жылдың 22 мамырында олармен мәміле жасалғаннан кейін бір акция үшін 39 999,99 теңге бағасымен тоқтатылды.

[2025-05-22]