KZ
6 маусым 2025, 14:47
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22.05.2025 12:21 #Индекстер мен индикаторлар

22 мамырдан бастап KASE KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімінен "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00011229 (BTRKb12) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады

/KASE, 22.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 22 мамырынан бастап негізгі алаңның корпоративтік облигациялар нарығының индикаторларын (KASE_BM* сериясы) есептеу үшін өкілдік тізімнен "Бәйтерек "Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ KZ2C00011229 (BTRKb12) облигацияларын олардың айналым мерзімінің аяқталуына байланысты алып тастады (22 мамыр – өтеу кезінде тіркелген күні).

2025 жылдың 22 мамырынан бастап KASE_BM* сериясы индикаторларының өкілдік тізімі 61 атаудағы облигациялардан тұратын болады.

KASE_BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индикаторы.

KASE_BMC – жинақталған және төленбеген купондық сыйақыны есепке алмағанда бағалар бойынша ("таза" бағалар бойынша) есептелетін корпоративтік облигациялар бағасының индексі.

Көрсетілген индикаторларды KASE корпоративтік облигациялармен сауда- саттық нәтижелері бойынша күніне бір рет есептейді.

Әдістеменің мәтіні KASE интернет-сайтында мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2025-05-22]