Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
22 мамырдан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС KZ2P00013154 (MFMOb23) облигациялары "таза" бағамен сауда-саттық тәртіптемесіне ауыстырылады
/KASE, 21.05.25/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2025 жылдың 22 мамырынан бастап "Mogo Kazakhstan (Мого Қазақстан)" МҚҰ" ЖШС (Алматы) KZ2P00013154 облигациялары (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFMOb23; 1 000 теңге, 5,0 млрд теңге; 16.05.25 – 16.05.27; ай сайынғы купон, жылдық 22,00%; 30/360) "таза" бағамен сауда- саттық тәртіптемесіне ауыстырылатынын хабарлайды.
KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген облигациялардың баға белгілеу дәлдігі номиналдан пайызбен көрсетілген облигацияның "таза" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін белгіленген, баға белгілеу валютасы – қазақстандық теңге.
[2025-05-21]